Размер шрифта:

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына  сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері  мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын  біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

4. ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) базасында өткізіледі.

5. ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрі – Штаб) құрылады.

6. Штаб:

1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

2) ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

3) ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

8. МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі – білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары,  құқық  қорғау  органдарының,   қоғамдық   ұйымдардың   және бұқаралық  ақпарат  құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.

9. Білім беру ұйымдарында:

 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру ұйымдарының  базасында  орналасқан  ҰБТӨП-терде  МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе білім басқармаларының бастықтары тағайындалады;

 2) аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары тағайындалады.

МК-нің құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҰБТ рәсімін өткізгенге дейін 2 ай бұрын бекітіледі.

10. МК:

1) жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2) жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады);

3) медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді;

4) электр көзі мен телекоммуникациялық байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) кезекшілердің құрамын қалыптастырады;

6) кезекшілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

7) қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;  

8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады;  

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері  (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) мен апелляциялық комиссияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

10) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының  сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар,  пейджерлер  және  фотоаппараттар)  болмауына   жасалған   акт   бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

11) Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.

12) тестілеу өткізілген күні осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі;  

13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;

14) Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.

11. МК-ның шешімдері МК мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешуші болып саналады.                           

3. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

12. ҰБТ-ны тапсыруға ерікті негізде жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері жіберіледі.

13. ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі  және  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердегі  орыс  тілі  және  таңдаған мамандыққа байланысты таңдау пәнінің біреуі бойынша өткізіледі. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты    талап  ететін шығармашылық  мамандықтарына түсуші бітірушілер үшін таңдау пәні - ерікті.

14. ҰБТ-ға   қатысуға    өтініштерді    қабылдау    мерзімі   -  10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыруды бітіруші өзі оқитын білім беру ұйымында жүргізеді.

15.  ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификатқа  (бұдан әрі –сертификат) бітірушінің Т.А.Ә. жеке куәлік, паспорт немесе туу туралы куәлік бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған және  жеке басын куәландыратын құжаты жоқ бітірушіге мектеп директоры осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша  бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған, анықтама береді.

16. Тестілеу ҰБТӨП-терде 1-15 маусым аралығында өткізіледі.

17. ҰБТ жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының шеңберінде жалпыорта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі.

18. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25.

19. ҰБТ-ны өткізуге 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

20. Жауап парағы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мынадай тәртіппен толтырылады:

1) 1-секторда бітірушінің Т.А.Ә. жазылады;

2) 2-секторда жоғарғы тор көздерге көлденеңінен бітірушінің  рұқсаттамасында көрсетілген талапкердің жеке коды  жазылады. Әр санның астындағы торкөздегі сандарға сәйкес дөңгелекшелер боялады.

3) 3 және 4-секторларда емтихан тапсыру кезінде бітірушінің отыратын орны және оның сұрақ-кітапшасының нұсқасы боялады;

4) 5-секторда  бітіруші ҰБТ тапсыратын лек пен аудитория нөмірі қойылады. Лек нөмірі емтихан болатын күн бойынша анықталады;

5) 6, 7, 8, 9-секторларда қазақ тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндері бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

6)  10-секторда таңдау пәні бойынша тапсырмалардың жауаптары боялады;

Әрбір тапсырма берілген бес жауап нұсқасынан бір ғана дұрыс жауапты  таңдауды талап етеді. Таңдалған жауап сол пәнге сәйкес сектордағы дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

7) 11-сектор боялмайды (шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін қарастырылған);

8) 12 сектор (жауап парағының нөмірі көрсетілген) боялмайды;

9) «Назар аударыңыз» бағанына аса көңіл бөлінеді:

жауап парағы қара пастасы бар қаламмен толтырылады;

жауап парағын ластауға, бүктеуге, жыртуға болмайды;

корректор сұйығын пайдалануға болмайды;

бір тапсырмаға 2 немесе одан көп жауап бояған кезде жауап есепке алынбайды;

10) бітіруші жауап парағының оң жақ төмен бұрышындағы «Бітірушінің қолтаңбасы» деген 13-секторға қолын қояды. Жауап парағы қате толтырылған жағдайда, бітірушіге жаңа жауап парағы берілмейді.

21. Жауап парағындағы қызметтік секторлар толтырылып болғаннан кейін ғана аудиторияда №1 отырғызу орнынан бастап сұрақ-кітапшалар таратылады.

22. Сұрақ-кітапшалар таратылып болғаннан кейін бітірушілер сұрақ-кітапша парақтарының түгел екендігін тексереді. Егер, сұрақ- кітапшаның

парақтары түгел болмаса немесе типографиялық ақауы болған жағдайда, бітіруші бірден Министрлік өкілін хабардар етеді.

23. Бітіруші сұрақ-кітапшадағы нұсқа нөмірін жауап парағына     (4-сектор) көшіріп жазады және сұрақ-кітапшаның мұқабасын толтырады.

24. Жауап парағының қызметтік секторлары мен сұрақ-кітапшаның мұқабасын толық толтырғаннан кейін тақтаға ҰБТ-ның басталу және аяқталу уақыты жазылады.

25. Аудиторияларда әрбір 45 минут сайын уақыт туралы бітірушілерге ескертіледі. ҰБТ аяқталған кезде соңғы 5 бітіруші аудиториядан бірге шығады.

26. ҰБТ өту уақытында аудиторияға тек қана Министрлік өкілі немесе Министрлік өкілінің алып жүруімен МК төрағасы кіре алады.

27. ҰБТ өткізілетін күндері ҰБТ өтетін корпустарда тестілеу үшін пайдаланылмайтын аудиториялардың, кабинеттердің, орындардың (әжетханадан басқа), сондай-ақ бітірушілердің кіріп-шығуына арналған есіктен басқа кіріп-шығатын есіктердің барлығы жабылады және мөрленеді. Ғимараттан тыс орналасқан ғимарат пен әжетхана аралығындағы жүретін жолдар мен аумақтарда бөгде тұлғалардың жүруіне жол берілмейді.

28. Бітірушілер аудиторияға бір-бірден жіберіледі. Бұл ретте бітірушілердің жеке басын сәйкестендіру анықтаманың, жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың және рұқсаттама түбіртегінің негізінде жүргізіледі. Дәліз кезекшісі бітірушілердің бөгде заттарының арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Бітіруші отырғызу парағында көрсетілген нөмірге сәйкес орынға отырады және отырғызу парағында өз орнына отырғандығын растап қол қояды. Бітірушілерді аудиторияға жіберу  ҰБТ басталды деп хабарланған сәттен бастап тоқтатылады.

29. Егер бітіруші жарақат алу, отбасы жағдайы, өтініш беру кезінде тестілеуді тапсыру тілін қате көрсету себептері бойынша тестілеуден өте алмау жағдайлары туындаған кезде, бітірушіні қосымша отырғызу жүргізіледі. Мұндай жағдайда, бітіруші МК төрағасының атына емтихан күнін өзгерту немесе аудиториясының тілдік статусын өзгерту туралы өтініш береді. Өтінішке растайтын құжаттар қоса тіркеледі. Бітірушіні қосымша отырғызу туралы шешім МК отырысының хаттамасымен ресімделеді

30. Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік өкілі бітірушінің рұқсаттамасына өзгерістер енгізеді, тест тапсырмалары тапсыру тіліне сәйкес бітірушіні қосымша отырғызуға болатын аудиторияның нөмірін анықтайды.  

31. Қосымша отырғызу үшін ҰБТ-ға келмеген бітірушінің емтихан материалдары немесе артық емтихан материалдары пайдаланылады.

Ескертпе: қосымша отырғызу, егер ҰБТӨП-те кейінгі лектер және  тестілеу тапсыру тіліне байланысты аудиторияларда бос орындар болған жағдайда ғана іске асырылады.  

32. Балдарды бағаға ауыстыруды МК осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру  шкаласына сәйкес жүргізеді.

33. Бітірушіге сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды,  оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды,  фотоаппаратты,  мобильді  байланыс  құралдарын  (пейджер,ұялы телефондар, планшетниктер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбуктарды, плейерлерді аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

34. Бітіруші осы Қағидалардың 33-тармағын бұзған жағдайда Министрлік өкілі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тыйым салынған заттың тәркіленуі және бітірушіні аудиториядан шығару туралы актісін жасайды және тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды. Бітірушінің осы Қағидалардың бұзу фактісі туралы МК төрағасын хабардар етеді.

35. Бітірушіні аудиториядан шығару және оның тест нәтижелерін жою туралы шешім қабылданған жағдайда ол өзі білім алған білім беру ұйымында дәстүрлі емтихандар нысанында қорытынды аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте, ол ағымдағы жылы жоғары оқу орнына түсу құқығынан айырылады.

36. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда оның жұмысы өңделмейді; Министрлік өкілі осы Қағидаларға  9-қосымшаға сәйкес нысанда Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан  материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акті жасайды.

37. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын  қорғау  мақсатында  тестілеу  өткізу  кезеңінде  апелляцияны  қарау жөніндегі   республикалық    комиссия    (бұдан    әрі -   республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТӨП-терде апелляциялық комиссия құрылады.

38. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның  бұйрығымен бекітіледі.

39. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негізділігін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

40. Республикалық апелляциялық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан бітірушінің жауап парағының көшірмесін, ҰБТ қағидаларының сақталуы туралы мәліметтерді сұратады және алады.

41. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар  отырыстарының  хаттамалары  жыл  бойы  Ұлттық  тестілеу орталығында сақталады.

42. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.

43. Апелляциялық комиссия төрағасының кандидатурасы білім беру саласындағы уәкілетті органның, ал оның құрамы облыстардың  және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері және балалары ағымдағы жылы ҰБТ-дан өтетін өзге де  тұлғалар кіре алмайды.

44. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер қабылдайды және қарайды, республикалық апелляциялық комиссияға бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныс енгізеді және апелляцияның қорытындылары туралы хабардар етеді.

45. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 14.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

3. Қорытынды ережелер

46. ҰБТ тапсырған бітірушілерге:

сертификат;

жалпы орта білімі туралы аттестат (бұдан әрі – аттестат) беріледі.

47. Сертификат ҰБТ тапсырған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде ҰБТӨП-те беріледі.

Сертификатқа  ҰБТ  шеңберінде  тапсырылған  әрбір пән бойынша балдары қойылады.

Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және оған базасында ҰБТӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару органдарының мөрімен бекітіледі.

48. Аттестатты ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдары береді. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде тапсырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша МК шешіміне сәйкес ҰБТ-да алынған бағалары қойылады.

Дата: 18.09.2013, 9:40 Автор: №9 ОМ