Размер шрифта:
↑

«Күз жәрмеңкесі»

 Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы,  «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында  «Күз жәрмеңкесі»   1-6 сыныптар арасында өткізілді.                                                                                                                

 Мақсаты:білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулу, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыру. Күзгі молшылық пен берекенің нышанын насихаттау арқылы оқушыларды қайырымдылық жасауға, әлеуметтік жауапкершілікке баулу. Жәрмеңкеден түскен қаражатты көмекке мұқтаж отбасылар мен оқушыларға бағыттау.

«Күзгі асар» жәрмеңкесіне Даналық мектебі, «Асыл» әжелер, «Мейірім» аналар, «Ұлағат» әкелер,  «Ең сүйікті кейіпкер» болып  оқушылармен бірге  белсене қатысты. Ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың тамаша үлгісін көрсеткен оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ата-аналар қауымына шын жүректен алғыс білдіреміз!                  Бұл шара балалардың шығармашылығын шыңдап, еңбекке баулып, ата-аналар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Әрбір баланың еңбегі мен қуанышы — біз үшін үлкен мақтаныш!  Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жәрмеңке жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті. Берекелі күздің сыйындай, еңбектеріңіз жемісті, ынтымақтарыңыз тұрақты болсын! 

Дата: 29.10.2026, 10:47 Автор: №9 ОМ