«Білімім -Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
«№9 жалпы білім беретін мектеп» түлектері үшін «Білімім -Отаныма» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
2025-2026 оқу жылындағы 29 түлектің жетістіктері айтылып ортаға шақырылды. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Р.Ерубаева 11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнады. Мерекелік жиында 1- сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған тілектерін тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанаты 1-11 сынып түлектеріне тапсырылды. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.

Дата: 28.05.2026, 23:52 Автор: №9 ОМ