«Өз құқығыңды біл» құқықтық ақпарат бұрышымен 1 сынып оқушыларын таныстырды.

13.01.2026 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығының жұмыс жоспарына сәйкес «Өз құқығыңды біл» құқықтық ақпарат бұрышымен 1 сынып оқушыларын таныстырды.
   Мақсаты: 1-сынып оқушыларына құқықтық білімнің алғашқы түсініктерін беру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы қарапайым әрі түсінікті ақпаратпен таныстыру. Ақпараттық бұрыш арқылы балаларға заңға бағыну, тәртіп сақтау және өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру көзделді.
   Іс-шара барысында оқушылар құқықтық бұрыштағы материалдармен танысып, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінді. Балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы алғашқы білім алды, заңға құрметпен қарау қажеттілігін ұғынды. Бұл күн олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға алғашқы қадам болып, болашақта жауапты әрі тәртіпті азамат болып өсуіне ықпал ететін маңызды тәжірибе болды.
 
Дата: 13.01.2026, 11:34 Автор: №9 ОМ