Размер шрифта:

«Адал азамат» және «Қауіпсіз мектеп» аясындағы жолда жүру ережелері бойынша танымдық шара

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында танымдық шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар жол белгілерімен, бағдаршам сигналдарымен танысып, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін меңгерді. Балалар арнайы көрнекі құралдармен жабдықталған ортада өз рөлдерін белсенді орындап, жолда абай болудың маңыздылығын түсінді. Бұл жұмыс оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өмір қауіпсіздігіне деген көзқарастарын қалыптастыруға бағытталды.   

Дата: 10.09.2025, 11:15 Автор: №9 ОМ