Размер шрифта:

№9 жалпы білім беретін мектебінің 2026-2026 оқу жылының «Мектебім -мейірім мекені» атты салтанатты жиынның ақпараты

  • Жалпы білім беретін №9 мектебінде  1 қыркүйек – Білім  күніне орай сағат 10.00-де 1-11 сынып оқушыларына «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбында  салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынның мақсаты:

  • Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу,сезіндіру. Білімге  құштарлықтарын арттыру, еліміздің білімді,тәрбиелі  азаматтары болып өсулеріне үлес қосу.

Қатысқан қонақтар:

  • Салтанатты жиынға  Балқаш қаласы  білім бөлімінің әдіскері Ж.Мухамеджанова қатысты.
  • Мерекелік жиында мектеп директорының м.а  Ш.Адрейсова  бүлдіршіндерді  құттықтау сөзімен бастап, өткен оқу жылының жетістіктеріне  тоқталды. Мектеп табылдырығын аттағалы тұрған жас бүлдіршіндер өлеңдерін  оқып, өнерлерін көрсетті. Алғаш мектеп ұясына енгелі отырған бүлдіршіндерімізге  қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарың оң болсын!  Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз! Бүгінгі жастар –еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы деген үмітпен алтын ұя мектебіміздің табалдырығын аттады.
 
 
Дата: 2.09.2025, 17:05 Автор: №9 ОМ