№9 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып түлектеріне арналған «Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты мерекелік жиынның ақпараты
Жалпы білім беретін №9 мектебінде түлектер үшін «Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. 2024-2025 оқу жылындағы 24 түлектің жетістіктерін айтып ортаға шақырылды. Мерекелік жиынға «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ әдіскері Бейсембай С.С. қатысты. Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастау алды.Мектеп директоры Д.Жолдасова 11 сынып түлектеріне құттықтау тілегін арнап, үздік оқушыларды, қоғамдық жұмыс белсенділерін марапаттады. Мерекелік жиында 1 сынып бүлдіршіндері түлектерге арналған тілектерін тарту етті. 11 сынып түлектері мектеппен қоштасу әндерін орындап, ұстаздарға алғыс білдірді. Жиын соңында, соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып түлектеріне тапсырылды. Ата-аналар ізгі тілектерін арнай отырып, мектепке алғысын жеткізді.
Дата:
26.05.2025, 18:45 Автор:
№9 ОМ