Ақпарат
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 24.10.24 күні Республика күні – ұлттық мерекесіне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиында мектеп директоры Д.Жолдасова оқушыларды марапаттады. Оқушыларымыз атаулы күнге арнаған әсем ән мен өлеңдерін оқыды. Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды.Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.