«Ерлік -ұрпаққа өнеге» атты ерлік сабақ ақпараты

«Ерлік -ұрпаққа өнеге» атты ерлік  сабақ ақпараты

9 мамыр – Қазақстан халқы үшін ұлы мереке. Балалықтың бал дәмін сезе алмаған талай бозбалалардың өмірі қыршыннан қиылғаны да ақиқат. Соғыс даласы қандай қиямет болса, тылдағы еңбектің өзі бөлек әңгіме. Кеудесінде патриоттық сезім оты лаулаған жастар мен орта буын кеудесін от пен оққа тосса, ел қорғаушылардың киімі бүтін, қарны тоқ болуы – еңбектеген бала мен еңкейген қарттың тылдағы тіршілігінің нәтижесі еді. Мектебімізде 03.05.24 күні  «Ерлік -ұрпаққа өнеге»  атты ерлік сабағы өтті. Ерлік сабағынатыл  ардагерлері, «Абай әлемі» аталар, «Асыл» әжелер, қатысты.  Оқушылар ардагерлерге  құрмет көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.Тыл ардагері сұрапыл жылдарда бастан өткендерді балалармен бөлісіп, ауыр жылдарды күрсініспен еске алды. Тыл ардагер марапатының иегері Жоламанов Әскената  бейбіт аспан астында еркін өскен бүгінгі ұрпаққа артылар үміттің жеңіл еместігін айтып, ел болашақтарына ақ батасын берді. Ендігі ұрпақ соғыс дегенді ешқашан көрмеуін тілек етті.

Дата: 3.05.2024, 16:42 Автор: №9 ОМ