«Жыныстық гигиена»
Мектебімізде 27.10.2023 күні Адамгершілiк-жыныстық тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес Балқаш қалалық №1 (ЦСЗ № 3) көпсалалы аурухананың акушері Акбасова Нұрай Темірбекқызымен 10-11 сынып қыз балаларына кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға «Жыныстық гигиена»тақырыбында дәріс оқылды. Акушер жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Дата: 27.10.2023, 11:04 Автор: №9 ОМ