Размер шрифта:

«Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткізілген салтанатты жиын ақпараты

«Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында өткізілген  салтанатты жиын  ақпараты

21 қазан  күні мектебімізде  Республика  күні – ұлттық мерекесіне орай   «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында салтанатты жиын  өтті. Мектеп директоры оқушыларға білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мектеп қызметкерлерін құттықтады. Жиында  Республика күнінің қалыптасу тарихы атап айтылып,  5-6-7 сыныптың   үздік оқушылары   салтанатты түрде «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Оқушыларымыз  атаулы күнге арнаған әсем ән мен өлеңдерін оқыды. 1-11 сыныптарда «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.                                              

   Бейбітшілігіміздің,махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір қазақ баласы асқақ сезіммен, керемет мақтанышпен сан рет айта алары хақ. Еліміздің туы тігілген үлкен үйіміз де, алтын әрі биік шаңырағымыз да – осында.

Дата: 21.10.2022, 8:57 Автор: №9 ОМ