«Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбыында өткен дөңгелек үстел ақпараты
Мектебімізде 24.01.22 күні 7-9 сыныптар арасында рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге баулу, Отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстел барасында халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері жайында, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Азаттығымыздың айғағы – мемлекеттік рәміздер. Халықты таңбасына қарап таниды. Бүгінде өзінің айрықша белгісі жоқ елді Жер жүзін шарлап таппайсыз. Біздің де қастер тұтатын, жігерімізді жанып, рухымызды көтеретін – Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымызды бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сенім артатынымызды түсіндірді.