Размер шрифта:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз ел ұланымын!» атты үгіт-насихат топтары байқауының ақпараты

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз ел ұланымын!» атты үгіт-насихат топтары байқауының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл толуына орай 2021жылдың 10-желтоқсаны күні «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен 3-8 сыныптар аралығында «Тәуелсіз ел ұланымын!» атты үгіт-насихат топтары байқауы ұйымдастырылды. Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Әр сыныптан шыққан үгіт-насихат топтары Тәуелсіздігіміздің оңайлықпен келмеген қастерлі де қасиетті ұғым екенін ашып жеткізе білді. Байқау соңында 4 «А» сыныбы бас жүлдеге ие болды. Жүлделі 1-орынды 8 «Ә» сыныбы, 2-орын 3 «Ә», 4 «Ә» сыныптары, 3-орын 7 «В», 3 «А» сыныптары иеленді.

Дата: 10.12.2021, 15:03 Автор: №9 ОМ