№9 жалпы білім беретін мектебі Адамгершілік-жыныстық тәрбие жөніндегі дөңгелек үстел ақпараты
Қазiргi уақытта республикада балалардың, жасөспiрiмдердiң және жастардың денсаулығына және адамгершiлiк мiнез-құлқына байланысты қолайсыз жағдай қалыптасты, олардың негiзгi себептері, жыныстық қарым-қатынас аясында адамгершiлiктiң аяққа басылуы, денсаулықты сақтау мен нығайту жөнiндегi қажеттi бiлiмнiң болмауы,мәселесі бойынша ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында «Ерте жүктілік және жасөспірім» тақырыбында биология пәнінің мұғалімі С.Ботаханова 10 -11 сынып оқушыларына 25.11.21 күні дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға жыныстық қатынастардағы ең бастысы физикалық жақындық емес, рухани өзара түсіністік және болашақта берік және гүлденген отбасын құру мүмкіндігі. Ол үшін адам физикалық жағынан ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан да белгілі бір жетілуге жетуі керек екенін түсіндірді.
Дата:
25.11.2021, 16:07 Автор:
№9 ОМ