«Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында өткен сынып сағаты ақпараты
11.10.2021 ж. күні «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында сынып сағаты 7-11 сынып оқушылар арасында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғандығы жайында ақпараттар берілді.Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелерiнде болуына және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркелетіндігіне тоқталды.
Дата:
11.10.2021, 10:36 Автор:
№9 ОМ