«Мектепке жол» республикалық акциясы
2021 жылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында өтетін дәстүрлі жалпы республикалық "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бастау алды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан алушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.
«Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, ауласына баннер ілінді.
Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек сұрап 51 оқушының ата-анасы өтініш берді. Ата – аналардың өтініші негізінде оқушыларға оқу – құрал, аяқ киім, ұл балаларға шалбар берілді. Жалпы соммасы 990870 тг. құрайды. 20 тамызға дейін қалған көмек түрлерін беріледі.
Үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес құрылымдары акцияға қатысуға тарту мақсатында үгіт-насихат қағаздары таратылды.
Таратылған үндеу хаттарымызға жауап ретінде жеке кәсіпкер бір оқушыға мектеп формасын алып беріп, демеушілік жасады. Жалпы соммасы 13500 тг. құрайды.
Дата:
11.08.2021, 13:47 Автор:
№9 ОМ