31 мамыр күні – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Елбасының 1997 жылғы Жарлығымен 31 мамыр күні – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын. Осыған орай мектебімізде сынып сағаттыры 1-6 сыныптарда өтті. Сынып сағаты барысында оқушыларға толық ақпарат берілді.
Сол құрбандардың арасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов сынды қазақ халқының бетке ұстар перзенттері, интелегенция өкілдері мен алаштың арыстары құрбан болды.
Жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында миллиондаған кеңес азаматтары репрессияға ұшырады. 1936-1938 жылдары Республика бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген.
Сонымен қатар, біз бұл күні 1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тек Қазақстанды ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық миллиондаған жанның өмірін жалмады. Қазақ ұлтына жасалған геноцид екенін ашық мойындатқан жоқпыз. Саяси баға бермедік. Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу арқылы біз тарихты өскелең ұрпаққа дәріптейміз.
Ұлтқа қызмет етіп, басын бәйгеге тіккен боздақтарды қастерлеп, олардың жүрген жолын болашаққа аманат етіп жеткізу – басты парызымыз. Тарихтан тәлім алып, жаңа заманға нық қадам басқан тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, бірлігі бекем болсын!
Дата:
31.05.2021, 8:46 Автор:
№9 ОМ