«Абайла,балақай» тақырыбында танымдық сағат
№9 жалпы білім беретін мектебінде 25 наурыз күні «ZOOM» платформасы арқылы 2-сыныптар арасында аға тәлімгердің ұйымдастыруымен «Абайла,балақай» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі-ең маңызды, әрі негізгі мемлекеттік мәселе. Осы мәселені шешу кезінде аса маңыздысы, ол жол қозғалысы мүшелерінің ішіндегі ең кішкентай жаяу жүргіншілеріміз - балалар. Ең жас жол қозғалысы мүшелеріне жол жүру ережесінің негізгі тәртібіне және қаланың жол-көше тармақтарында қауіпсіз жүріп-тұру тәртібіне дағдыландыру үшін ойын жүзінде жол белгілері мен жол таңбалары түсіндіріліп, онда балаларға қалалық автобустарға қалай мініп-түсу туралы, автобустарды айналып өту, жүріс бөлігін қалай жүріп өткен дұрыс және жаяу жүргіншілер өткелінен жүріп өту тәртібі, жол ережесін қатаң сақтау және велосипедпен қалай, қай жерде жүру бойынша ойын түріндегі қызықты мағлұматтар берілді.
Дата:
26.03.2021, 10:33 Автор:
№9 ОМ