6-11 сыныптар арасында мектеп инспекторымен кездесу туралы ақпарат

6-11 сыныптар арасында мектеп инспекторымен кездесу туралы ақпарат

18-наурыз күні 6-11 сыныптар аралығында «Жасөспірім және заң» тақырыбында құқықтық кеңес алу мақсатында  Балқаш қалалық ЮПТ УПИ инспекторы, полиция капитаны Амирханов Б.О.кездесу өтті. Кездесу барысында Амирханов Б.О.оқушыларға «Қылмыстық кодексте көзделген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында қылмыстық жауапкершілікпен оған берілетін жаза түрлерін және ол қылмыстардың қандай баптарда қаралатындығы жайында түсіндіріп кетті. Сонымен қатар, қала көшелерінде орын алып отырған вандализм әрекеттеріне тоқталып, мұндай ерсі қылықтарға бармауларын ескертті. Оқушылар инспекторға заңдар мен баптар туралы сұрақтар қойып, ұтымды да нақты жауаптар алды.

Әлеуметтік педагог А.Тайкен көктем уақытындағы қауіпсіздік ережелерін айтып, жиналысты қорытындылады

Дата: 18.03.2021, 16:31 Автор: №9 ОМ