«Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында өткен сынып сағат ақпараты.
Мектебімізде 26.02.21 күні «Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты өтті. Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беріп, оқушыларға мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтау керек екендігін ескертті.
Пайдалы кеңестер: Егер мұздың жеткілікті деңгейде қалың екеніне сенімді болмасаңыз, оның үстімен жүрмеңіз.
- Есіңізде болсын, мұз жағалауда берік болады; оның қалыңдығы жағадан алыстаған сайын үлкен тереңдікте, сондай-ақ өсімдіктер бар немесе тез ағатын жерлерде жұқарады.
- Мұздың беріктігі ауа температурасына да байланысты. Күндіз ол таңертең және кешке сияқты берік емес.
- Мұз үстімен қозғала отырып, қара дақтарды айналып өтіңіз, мұнда мұз өте жұқа болады.
Дата:
26.02.2021, 8:30 Автор:
№9 ОМ