«Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында өткен сынып сағат ақпараты.

«Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында өткен сынып сағат ақпараты.
Мектебімізде 26.02.21 күні «Мұзда жүру ережесін біле жүр!» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаты өтті. Мұз айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы мағлұмат беріп, оқушыларға мұзда сырғанау ережесін мұқият сақтау керек екендігін ескертті. Пайдалы кеңестер: Егер мұздың жеткілікті деңгейде қалың екеніне сенімді болмасаңыз, оның үстімен жүрмеңіз. - Есіңізде болсын, мұз жағалауда берік болады; оның қалыңдығы жағадан алыстаған сайын үлкен тереңдікте, сондай-ақ өсімдіктер бар немесе тез ағатын жерлерде жұқарады. - Мұздың беріктігі ауа температурасына да байланысты. Күндіз ол таңертең және кешке сияқты берік емес. - Мұз үстімен қозғала отырып, қара дақтарды айналып өтіңіз, мұнда мұз өте жұқа болады.
Дата: 26.02.2021, 9:30 Автор: №9 ОМ