«Құқықтық навигатор» құқықтықсауаттылықтақырыбында өткізілген іс- шара ақпараты.
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында «Мектеп инспекторымен» кездесу өтті. Кездесу барысында бала құқығы туралы конвенция және бала құқығының негізгі сұрақтары қамтылды.Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделіктіөмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар беріліп, ой бөлісті. Кездесуді тарих пәні мұғалімі Тұтқыш А.Ж мен әлеуметтік педагог Тайкен А.Ф ұйымдастырды.
Дата: 16.02.2021, 8:34 Автор: №9 ОМ