Жалпы білім беретін №9 орта мектебінде 8.01.21 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты
ЖББ№9 орта мектебінде 1-11 сыныптың ата –аналарына 8.01.21ж. күні ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан жиналыс өткізілді. Жиналысты сынып жетекшілері ашып, «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері, қатыстырды. Барлық қатысқан ата – аналар саны – 357.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды.
1.ІІ тоқсанның қорытындысы 2.ІІІ тоқсанда 9-11 сыныптың кезекші сыныпта оқытылуы 3.«Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақты әрекетінің маңызы» ата – аналарға кеңес.
Күн тәртібі бойынша қашықтан оқыту кезінде мектебіміз ІІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен таныстырылды. Ата-аналар тарапынан мектеп формасына және 9-11 сынып ата-аналарынан пандемия кезінде мектепке келетін кезекші сыныптардағы санитарлық талаптарды сақтау ережесі туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға сынып жетекшілер толық жауап берді. Қашықтықтан оқытылатын сынып оқушылары үшін алдағы уақытта жаңа платформаға ауысу жайында БІЛІМАЛ SDOT платформасымен жұмыс жасау алгоритімі туралы айтылды. 9-қаңтар күні сағат 13.00-14.00- аралығында Басшы сағаты өткізілетіні туралы хабарланды.
«Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасының ынтымақты әрекетінің маңызы» тақырыбында баяндама оқылып, ата-аналарға балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және құқығын қорғау туралы ақпарттар айтылып, құқықтық білім берілді. Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін айтты.
Дата:
9.01.2021, 9:20 Автор:
№9 ОМ