«Қош келдің, Әз Наурыз!»

«Қош келдің, Әз Наурыз!»

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Қазіргі күнтізбе бойынша наурыздың 22 күні күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиіп, жер бетінде жаңару, табиғи өзгерістер болатын кез. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні!»деп атаған. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрімізді дәріптеу, Наурыз мейрамының мәнін әрі табиғат пен адамның байланысын түсіндіру, оқушыларымызды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде  1-11 сынып оқушыларының қатысуымен салтанатты жиын өтті.Оқушылар  қазақтың салт – дәстүрлеріненүзділер көрсетіп, Наурыз тойы тойланды.

Дата: 19.03.2019, 12:00 Автор: СШ №9