Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу мақсатында өткізілген кездесу

Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу мақсатында өткізілген  кездесу

  2017 жылдың 22-ші жұлдызы күні «Балқаш қаласының  конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» қызметкерлері  9-сынып оқушыларымен  «Діни толеранттықтың қағидалары –патриотизм, бейбітшілік және рухани келісім» тақырыбында кездесу өткізді.

Мақсаты:

Қазақстандық патриотизм аясында мемлекеттің негізгі бағыттарын көрсету, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық жағдайы мен таныстыру, діни диалогқа дайындықтарын арттыру.

Кездесуге орталық директоры - Бейсенбаева Бақытгүл , Мейрамгазинов Берікбол Батевич- ақпарат – түсіндіру тобының мүшесі,  теолог орталық - Алтынбек Берік  қатысты.

Кездесу барысында оқушылардан сауалнама аынды. Слайд көрсетілді.

Орталық директоры Бейсенбаева Б.  -Қазақстандың патриотизм моделін құрастыру. Оған оқушылардың көзқарастары қандай?  Төңірегінде әңгімеледі.

Ақпарат – түсіндіру тобының мүшесі-  Мейрамгазинов Берікбол Батевич оқушыларға жат ағымнан аулақ болып, әркімнің жетегіне ермеу, қате түсініктерден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Теолог Алтынбек Б. - Қазақстан-2050, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму, т.б. бағдарламаларға    тоқталды.