Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу мақсатында өткізілген кездесу
![Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу мақсатында өткізілген кездесу](/media/img/journal/58aecd6b787da.jpg)
2017 жылдың 22-ші жұлдызы күні «Балқаш қаласының конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» қызметкерлері 9-сынып оқушыларымен «Діни толеранттықтың қағидалары –патриотизм, бейбітшілік және рухани келісім» тақырыбында кездесу өткізді.
Мақсаты:
Қазақстандық патриотизм аясында мемлекеттің негізгі бағыттарын көрсету, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық жағдайы мен таныстыру, діни диалогқа дайындықтарын арттыру.
Кездесуге орталық директоры - Бейсенбаева Бақытгүл , Мейрамгазинов Берікбол Батевич- ақпарат – түсіндіру тобының мүшесі, теолог орталық - Алтынбек Берік қатысты.
Кездесу барысында оқушылардан сауалнама аынды. Слайд көрсетілді.
Орталық директоры Бейсенбаева Б. -Қазақстандың патриотизм моделін құрастыру. Оған оқушылардың көзқарастары қандай? Төңірегінде әңгімеледі.
Ақпарат – түсіндіру тобының мүшесі- Мейрамгазинов Берікбол Батевич оқушыларға жат ағымнан аулақ болып, әркімнің жетегіне ермеу, қате түсініктерден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Теолог Алтынбек Б. - Қазақстан-2050, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму, т.б. бағдарламаларға тоқталды.