Замзагул
30.09.2020, 9:42
Сұрақ / Обращение #655
Сәлеметсіздер ме, "Балдәурен" лагеріне жолдама мектеп тарапынан беріле ме? Толық жауап берулеріңізді сұраймын.
Ответ
Сәлеметсіз бе, "Балдәурен" лагеріне жолдама мектеп тарапынан берілмейді. Қалалық білім бөлімінен тізім түскен кезде мектеп әкімшілігі ата - аналарға міндетті түрде хабарлайды. Сұрағыңызға рахмет.
Алтай
31.03.2020, 17:34
Сұрақ / Обращение #565
Дистанционно оқу кезінде компьютері жоқ балаларға, мектеп уақытша компьютер береді деген рас па? Рас болса, ол компьютерді қалай аламыз.
Ответ
Сәлеметсіз бе, компьютер азқамсыздандырылған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға уаұытша қолдана тұруға беріледі. Аталған топқа қатысты отбасылардың тізімі әр мектепте бар, балаңыз оқитын мектепке хабарласуыңызға болады.
Айман
23.02.2019, 10:33
Сұрақ / Обращение #427
Сәлеметсіздер ме, мектептеріңіздегі ұлан сыныбына оқушыларды қалай қабылдайсыздар?
Ответ
Сәлеметсіз бе, ұлан сыныптарына оқушылар 5 - сыныптан бастап емтихан арқылы қабылданады. Толық ақпаратты мектепке келіп білуіңізге де болады. Байланыс нөмерлерінен тлефон номерлерін де қарауңызға болады. Рахмет
Амина
12.10.2015, 10:40
Сұрақ / Обращение #214
Баламның мектепте тегін тамақтануы үшін адам басына шаққанда акшаның сомасы неше болуы керек?
Ответ
Салеметсізбе! Отбасындағы адам басына шаққанда ақша соммасы 21364 тенгеден аспауы тиіс
Captcha