Размер шрифта:

31-мамыр саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген салтанаты жиын

31-мамыр саяси қуғын-сүргін және  жаппай  ашаршылық  құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген салтанаты жиын

  Мектептің акт  залында  «Көңіл  толқыны» күйі  ойнап  тұрды.Залға  мектеп оқушылары мен ұстказдар жиналып,экраннан« Алжир –дегі  қазақ әйелдері»  тақырыбында  бейнеролик  көрсетіліп тұрды. Жүргізуші  тарихи   датаның  мағынасын түсіндіріп өтті.

   1991 жылы  еліміз  тәуелсіздік алып , тарихтың ақтаңдақ  беттері   ашылып,әділеттілік  қайта  орнады. 1997 жылы ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаев  31 мамыр- саяси қуғын-сүргін  құрбандарын  еске алу күні деп жариялады. Ал 2012  жылы  жаппай ашаршылықтың 80 жыл толуында -31 мамыр  саяси  қуғын –сүргін  және  жаппай  ашаршылық  құрбандарын  еске  алу күні деп белгіленген  болатын.

     Мектеп  директоры Хусмолдинова Н Е  31 мамыр  Қазақстан үшін  ерекше аталынып  өтетін қаралы дата  күннің  мағынасын  түсіндіріп,Сталиннің  жеке басына  табынудың  салдарынан  тұтас бір халық  өздерінің  ең  асыл  азаматтарынан  айырылып  қалғанын,Еуропада мыңдаған, миллиондаған  тұтқындарды  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  гитлерлік жазалаушылар  өртеп  жіберсе,ал Сталин  жендеттері  кеңестік   миллиондаған тұтқындарды  Жер  ананың түпкір-түпкіріне  жасырып  көмдігі  туралы  терең, жан-жақты  түсіндірді.

   Тарих  пәнінің  мұғалімі  Елеубекова Мариям Зиядақызына сөз берілді.

Мәңгілік ел  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары –«Қазақстан-2050» Стратегиясының  түп  қазығы  етіп алды.

Екінші  бөлімде  мектеп алдындағы  ескерткіш  маңында  үнсіздік  жарияланып,  Сәкен  ескерткішіне  гүл  шоғы  қойылды.

Дата: 2.06.2016, 4:58 Автор: №7 МГ