Размер шрифта:

Жаңалықтар

Жаңалықтар

«С.Сейфуллин атындағы № 7мектеп-гимназиясы» КММ

Денсаулық күніне орай жүргізілген жұмыс түрлеріне ақпар

 

5 қыркүйек күні кең көлемдегі «Денсаулық-2015 фестивалі» орай мектебімізде төмендегідей іс-шаралар жэүргізілді.  Ең алдымен қалалық вело жүгіру,биіктікке секіру және «Мықты денсаулықта - мықты әлем» тақырыбында көңілді мәреге оқушыларымыз қатысты.

1 қыркүйектен бастап таңертеңгі жаттығулар дәстүрлі жүріп отырды. Мерекелік іс-шараға байланысты І қабатта «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында  тақырыптық стенд ұйымдастырылып жасалынды.

2.09.2015- 8 сыныптар аралығында футболдан жарыс ұйымдастырылып ІІІ топ қатысып, І орынға 8а сыныбы, ІІ орынға 8в сыныбы ие болса ІІІ орынға 8 б сыныбы ие болып мақтау қағаздарымен марапатталды.

5.09.2015-бастауыш сыныптары 2-3 сыныптар аралығында «Көңілді мәре»ойыны жүргізілді. Оқушылар спорттың әр түрлі ойын түрлерімен жүргізілді. Мысалы: доппен секіру,  таяқ жинау және т.б ойындар ойнатылды.

5.09.2015-8-9 сыныптардың ұлдар аралығында «Күш санасайық!» ойыны ұйымдастырылды. 9 сынып ұлдары өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай күштерінің басымдығын көрсетіп І орынға ие болды.

5.09.2015-4 сыныптар аралығында шахмат үйірмесінің жетекшісі исабаева Айман мұғалімнің жетекшілігімен жарыс ұйымдастырылып жаңа есімдер пайда болды.олар талғат қанағат және Дулат Малика.

5.09.2015-5 сыныптар аралығында кіші волейбол жарысы ұйымдастырылды.

5.09.2015-9-10 сынып қыздары аралығында денешынықтыру мұғалімі Дүйсембаева Айгүлдің ұйымдастыруымен  баскетбол жарысы ойнатылды. І орынға өз жетістіктерін көрсеткен 10 а сынып қыздары ие болса ІІ орынға 9 в қызадары ие болды.

 

Аталарымыз айтқандай жеңіл барып,ауыр қайт,аман барып, сау қайт дегендей оқушыларымыз өздерінің салауатты өмір салт дағдыларын жақсы қалыптастырғандары осы іс-шаралардан анық көріп айта аламыз.

Орындаған  директордың  ТЖО       Ерубаева Р.Б.

Дата: 7.10.2015, 13:02 Автор: №7 МГ