С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»КММ «Желбіре,Жеңіс алау!» атты салтанатты жиын
Мақсаты;Оқушыларды өткен өмір арқылы Жеңістің оңай келмегеніне көздерін жеткізу, соғыс ардагерлерін пір тұту, қадірлеу, оларға бас иіп, тағзым етуге баулу.
Салтанатты жиынға тыл еңбеккері , мектебіміздің ата-анасы Қашқынбаев Кәукербек , қалалық әскери орталықтың орынбасары Шойынбеков Мейрам Серікұлы, Ауған соғысынның ардагері Абдирбаев Марат Дінисламұлы қатыстырылды. Салтанатты жиынға 1,2,4.8,9,10 сынып оқушылары сапқа тұрғызылды. Мектебіміздің бірінші қабаты
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай безендірілген, үнемі соғыс жылдарындағы әуендер орындалып тұрды. . Мәңгі алау жағылып, телеэкраннан бейнетаспа көрсетіліп тұрды. Мәңгі алаудың жанында күзетте ЮИД формасындағы 2 оқушы тұрғызылды.Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып,біздің жарқын болашағымыз үшін Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әжелеріміздің рухына тағзым ете отырып,1 минөт үнсіздік жарияланды.Үгітбригада «Менің рухым!» тақырыбында өлеңдер оқып, жастарды рухани жігерлендірді.Мектеп басшысы Хусмолдинова Нәсіпқайша Ермекқызы ардагерді, келген қонақтарды Жеңіс мерекесімен құттықтады. Шақырылған қарт ардагерд сөз алып, оқушыларды бақытты өмірлерімен құттықтай отырып жарқын болашақ тіледі. Содан кейін ардагерге мектеп оқушылары атынан сыйлық табысталды. Құттықтау сөз қалалық әскери орталықтың орынбасары Шойынбеков Мейрам Серікұлына берілді.
2 бөлімде мектебіміздегі 1991 жылдан бері ашылған « Сөнбес жұлдыздар» мұражайына шақырылды.Ш қабаттағы «Ерлік залын» және « Сөнбес жұлдыздар» мұражайын 8 сынып оқушы Карибжанова Т таныстырып өтті Ардагер ата мен келген қонақтарға өз сұрақтарын қойып, 5В сынып оқушыларының күшімен дайындалған кездесуімен жалғасты. Қорытынды сөзде ардагер атаға сынып жетекшісі Карина Айым рахмет айтып, оқушылар сый- сияпаттарын табыстады. Кездесуден ескерткіш ретінде атаға түсірілген суреттер қолма-қол шығарылып, табыс етілді.
Дата: 11.04.2015, 9:14 Автор: Школа-гимназия №7