Размер шрифта:

"Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" тақырыбындағы декадасы

 

2-12 аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декада өтті.Мақсаты: Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген   қарым-қатынасын айқындайтын, адамгершілік мінез құлықтарының, әлеуметтік  негізін қалыптастыру.«Өзін-өзі тану балалар көзімен» тақырыбында стенд ұйымдастырылды. Кітапханада «Мейірім төккен ана» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Онкүндік салтанатты жиыннан басталды. Жиында өзін-өзі тану пәнінен беретін мұғалімдер  декаданың мақсатын, жүргізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті.Сонымен қатар 2 ақпан күні 2 сыныпта «Мейірімділік» тақырыбында ашық сабақ болды. Сабақта оқушылар өзін-өзі тану пәнін қызығып оқитындары көрінді. Өзін-өзі тану сабағында қалыптасқан дағдылары, мейірімділік, сезімталдық, тілектестік, ынтымақтастық дағдыларына төселіп қалыптасқандықтары өте жақсы байқалды. Әр элементтеріне жекелеп тоқталып барлығы жүректен-жүрекке тілекттерімен аяқтады.«Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Дата: 17.02.2015, 3:12 Автор: №7 МГ