«Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы»

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай мынадай іс-шаралар өтілді.«Тәуелсіздік-қазақтың сан ғасырлық арманы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. «Тәуелсіздік тағылымы» кітапханада көрме ұйымдастырылып 6в сыныбының қатысуымен тәрбие сағаты өтілдіҚазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Оқушыларға Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан жолы -2050» тақырыбында брейн-ринг өтті. «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты сөз өнер байқауы өтті. 11 сыныптар арасында «Родина моя-Мой Казакстан»тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді.«Біз Тәуелсіз Қазақстанның салауатты болашағымыз»тақырыбында қозғалмалы спорттық ойындар ұйымдастырылып жүргізілді.«Special peoples»,«Қазағымның жарық жұлдыздары» тақырыбында 23 жыл ішіндегі әр бағыттағы жеңімпаздарымыз бен жетістік иелерін насихаттау мақсатында 5 "б" сыныбында ағылшын тілінде ашық тәрбие сағаты өтілді.

Дата: 18.12.2014, 2:52 Автор: Школа-гимназия №7