Размер шрифта:

"Салауатты өмір салтын қалыптастыру" айлығы

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 10 қараша мен 20 желтоқсан аралығында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»айлығы өтті.  Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың алдын алу мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілді.Оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыру және адам ағзасына насыбайдың зиянын түсіндіріп, насыбай жайлы ақпараттар беру мақсатында 5-8 сыныптар арасында «Насыбай –улы зат» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылар арсында мектеп психологтары «Нашақорлықсыз қала» атты сауалнама жүргізілсе мұғалімдерге арналған «Жаны саудың-тәні сау» тақырыбында тренинг жүргізілді.«Ішімдіктің зияны мен зардабы» тақырыбында 1-8 сыныптар аралығында сурет байқауы өтті.«Шылымның ұрпаққа әсері» тақырыбында СӨС арнайы маман шақырылып кездесу өтті.«Салауатты өмір өлшемі» тақырыбында әр түрлі салауатты өқмір дағдыларын қалыптастыру ойындары жүргізілді. «Заманауй жастардың салауатты денсаулық ұстанымы» тақырыбында оқушылардың жан-жақты дамуын қалыптастыру мақсатында брен-ринг жүргізілді.

Дата: 15.12.2014, 3:13 Автор: №7 МГ