С.Сейфуллин атындағы №7 менктеп-гимназиясында «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпаратты науқан он күндік іс-шаралар өтті

20.11.2014«Нашақорсыз әлем» тақырыбында жаман әдеттерден аулақ болу мақсатында Балқаш қалалық наркологиялық диспансер нарколог дәрігері Рахимбекова Күлғайша Төлеубековнамен кездесу өтті.21.11.2014 «Зорлық зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ үшін бәріміз біргеміз» тақырыбында 7-9 сыныптар аралығында ой толғау жазды. 19-28 қараша аралығында мектеп психологтары Игембаева Н.М. мен Нұрғалиева Н.Т. 4-10 сыныптар аралығында  психологиялық тренингтер жүргізді. «Мейірімділік еліне саяхат», «Балалар өмірін қуанышқа толтыру», «Барлығы сүйіспеншіліктен басталады» тақырыптарында оқушыларға әр түрлі жағдаяттардан шығуға және өздеріне күнделікті оң психологиялық ахуал тудыру мақсатында жүргізілді.Сонымен қатар оң ахуал тудыратын мультфильмдер көрсетілді.Жасөспірімдер арасында панасыз,қараусыз қалған балаларды анықтау мақсатында «Кешкі қаладағы балалар» тақырыбында рейд жүргізілді.Сонымен қатар апталықты қорытындылай келе 5-6 сыныптар аралығындасалауаттылық басты мақсат тақырыбында «Әкем,шешем және мен» тақырыбында спорттық ойын ұйымдастырылды.

Дата: 28.11.2014, 10:25 Автор: №7 МГ