Размер шрифта:

«Асау тұлпар-сұңқар жыр-Сәкен ғұмыр» ғылыми-практикалық семинар

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияда  С.Сейфуллиннің 120 жылдық мерей тойына орай ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинарда мектеп оқушылары өздерінің ізденіс жұмыстары көрсетті. «Сыр сандықты ашып қара, сырласым...»  атты әдеби салонда өнердегі дарынды оқушыларымыз өздерінің Сәкен ағамыздың әндерімен өлеңдерін  қаншалықты нақышында орындай алатындықтарын көрсетті. Сәкен ағамыздың «Тау ішінде», «Жас қазақ марсельезасы», «Біздің жақта» әндері айтылса, «Тұлпарым», «Далада», «Өткен күн», «Қамыққан көңілге», «Асығып тез аттандық»-Сәкеннің соңғы сөздері оқылып жиналған қауымның жүректеріне селт етерлік сезім ұялатты. Әдеби салонды ұйымдастырушылар қазақ тілі пәні мұғалімі, ұлағатты ұстаз Елеубекова Ә.З. музыка пәні мұғалімдері Ерубаева Р.Б.,Талимов А.Х.

Дата: 28.10.2014, 12:18 Автор: №7 МГ