«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиыны
25 -мамыр күні, сағат 10.00-де дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға НұрОтан партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының орынбасары Секербекова Бибігүл Мәжитқызы мен Білім ,денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жангалиева Раиса Болатқызы қатысты. Сонымен қатар салтанатты жиынға мектебіміздің ардагер ұсатаздары да шақырылды. Жас түлектерді құттықтау сөздердің жалғасын мектебіміздің 2007-2008 жылғы түлектерінен құрылған «Үркер» қауымдастығының жетекшісі Беркенов Еркен Ержігітұлы құттықтауымен, болашақ жастарға өздерінің атқарып жатқан игі бастамалық істерін жалғастыруды аманат ете отырып, қауымдастықтың ерекше төс белгілерін тапсырып, сәт сапар, ақ жол тіледі.
Дата: 31.05.2014, 4:03 Автор: Школа-гимназия №7