«Бұрымды қыз» байқауы
«Бұрымды қыз» байқауы
4наурыз күні мектеп –гимназиямызда 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Байқауға 7-9 сыныптың бұрымды қыздарынан 9 сайыскер қатысты. Сайыстың мақсаты: қазақ қыздарын инабаттылыққа, ибалылыққа, қазақ халқының салт дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1. Таныстыру (аруымыз өзін – өзі таныстыру)
2. «Ас адамның арқауы» ( аруларымыз үйден даярлап әкелген бір тағам түрін көрсетіп, қорғайды)
3. «Қыз еркем, қылығымен көркем» (Кедергілерден өту арқылы алыс жолдан келген жолаушыға сусын ұсыну)
4. Өнер (аруларымыз өз өнерлерімен сайысқа түседі)
5. «Сұлулық сыры» (Киім үлгісі мен шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделі ой» (аруларымыздың білімдерін бағалау)
Әр кезеңге аруларымыз үлкен дайындықпен келген. Аруларымыз сайыс барысында өздерінің сұлулықтарын ғана емес, шеберліктерін, қазақ қызының бойындағы парасаттылықтарын, инабаттылықтарын, қазақтың салт –дәстүрін сыйлай білетін арулар екендіктерін көрсете білді. Әр кезең бойынша сайыскерлерімізді бағалай келе Бас жүлде 7 «Б» сыныптың бұрымды қызы Атығұл Әйгерімге, І орын 7 «Ә» сыныбының аруы Иманбаева Мадинаға, ІІ орын 8 «А» сынып аруы Жұматай Тыныштық иеленсе, ІІІ орынды 8 «Б» сыныптың аруы Мұсахан Перизат місе тұтты. Байқау көптің көңілінен шығып, аруларымызды мерекелерімен құттықтады.
Дата: 11.03.2014, 9:00 Автор: №7 МГ