Жаңа толқын келеді шахматта
Жаңа толқын келеді шахматта
Шахмат-өте қызық ойын,оның бойында ғылым,өнер және спорт элементтері астасып жатыр.Ойын нәтижесі тек бір нәрсеге –ой мықтылығына байланысты.Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында екінші жыл «Шахмат-шалымдылар ойыны» атты үйірмесі жүргізіліп келеді.Мектепте шахмат үйрену үшін барлық жағдайлар жасалған.Жылқы жылына орай қаңтар айының 25-інде «Ақ ат» атты 1-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахматтан жарыс өтті.Шахматқа 50-ден астам мектеп оқушылары қатысты.Ақыл-ой спортының талапкерлері өз кезегінде жанкүйерлер күткендей –ақ ойын өнерін көрсетті.Жарыс барысында облыстық шахмат чемпионы 4 «Ә» сынып оқушысы Ыдырысов Дулат өзінің мықтылығын дәлелдей түсті.Мектеп намысын қорғап жүрген оқушылар арасында жекелей орындар тағайындалды.І орынды -Ыдырысов Дулат,ІІ орынды Мешітбай Дана жеңіп алса,ІІІ орын Мұратов Айбекке бұйырды.
Тағы бір қуанарлық жағдай шахмат жарысына алғаш қатысып отырған шахматтың жаңа толқынының анықталуы.3 «Ә» сынып оқушысы Жанатбеков Жәнібек шебер ойыншы екенін көрсетіп,І орынды иеленсе,7»В» сынып оқушысы Құмырсерік Ерасыл ІІ орынды,4 «Ә» сынып оқушысы Бекимұратов Аман ІІІ орынды жеңіп алды. «Жас шахматшы»номинациясына 1 «Ә» сынып оқушысы Құрмаш Аружан ие болды.
Жарыс-шеберлік мектебі,өсу жолы. Шахмат-бұл күрес,ақыл-ой күресі.Егер сен жеңбесең,ол сені жеңеді.Шахматты жақсы ойнау-қиын,алдымен жеңіле білуді үйрену керек,содан кейін жеңе білуді үйрену керек .Ал ол үшін шыдамдылық қажет.
Шахмат үйірмесінің жетекшісі Исабаева Айман Турсымбекқызы
Дата: 29.01.2014, 6:46 Автор: №7 МГ