Президент Жолдауына пікір

Президент Жолдауына пікір

 

                                            Жігер берген Жолдау

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы – біздің барша қоғам жыл сайын тағатсыздана күтетін маңызды құжат. Бұл кезекті жолдауда да  Елбасы экономиканы нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жаңа міндеттер қойды. Елбасы Жолдауында жыл сайын білім мен денсаулық сақтау саласына баса мән беріледі. "Медицинаның дамуы өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа және одан жоғары ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біздің еліміз әлемнің ең қауіпсіз және қолайлы елі болуы тиіс. Бейбітшілік және тұрақтылық, әділеттілік және құқықтық тәртіп – еліміздің даму негізі", - деп қосты ол.

      Байыпты бағдарламалар нәтижесін береді, беріп те жатыр.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – әрқашанда тарихи маңызы да, қоғамда алатын орны да ерекше стратегиялық құжат. Жолдау алда келе жатқан дүниежүзілік тығырықтан шығу жолдарын және болашақта атқарылатын индустриялық-инновациялық бағдарламаны басты бағытқа ала отырып, стратегиялық даму жолдарын саралап, айқындап көрсетіп берді. Елбасының  айтуынша  үкімет жақында мақұлданатын дамыған елдер қатарына кіру тұжырымдамасын әзірлеген.

    "Қазақстан орташа дейгейлі үлеске ие елге айналады, бүкіл халықтан қала тұрғындарының үлесі 55%-дан 70%-ға дейін жетеді. Қалалар және елді мекендерді сапалы жолдар мен барлық көлік түрлерінің жедел маршруттары байланыстыратын болады"-деп мемлекет басшысы атап көрсетті.

  Қазақ тілі мәселесін ұлттың бірлігі үшін пайдалануымыз керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

"Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Елімізде 57 орталық жұмыс істейді. Мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты. Соңғы жылдың өзінде қазақ тілін ана тілім деп санайтындардың саны 10 пайызға көбейді. Қазақ тілін дамытуға соңғы 3 жылда 10 млрд теңге жұмсады. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің - мәңгілік тіліне айналды. Тіл мәселесін біз даудың емес, ұлттың ұйытқысы үшін пайдалануымыз керек", - деді Н.Назарбаев. Елбасының тіл туралы бұл тұғырлы ойының  жүзеге асуына педагогикалық ұжым мен оқушылар өз үлесімізді қосамыз.  Жалпы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауынан бағамдағанымыз – еліміздің болашағы жарқын, алға қойған мақсаттары айқын.

Дата: 20.01.2014, 2:39 Автор: Школа-гимназия №7