ҮШ БІРІНШІ ОРЫН! ҮШ ЖЕҢІС! БІР МАҚСАТ!
Ұлттық мектеп лигасы аясында Балқаш қаласының мектептері арасында өткен асық ату жарысында Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары үш жас санаты бойынша да І орын иеленді!
5–6 сыныптар – І орын
7–8 сыныптар – І орын
9–11 сыныптар – І орын
Үш санаттың да облыстық кезеңге жолдама алуы – табанды еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі!
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшісі Өміртай Олжас Русланұлын құттықтаймыз!
Облыстық кезеңде сәттілік серік болып, жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін!
Дата: 12.10.2026, 8:38 Автор: №7 МГ