1 қыркүйек – Білім күні!
1 қыркүйек – Білім күні!
Жаңа оқу жылының басталуына орай «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Балқаш қаласында оқушылар мен ата-аналарға арналған профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, мектепке барар және қайтар жолдағы қауіпсіздік, интернеттегі қауіп-қатерлер мен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылық пен буллингке жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылау, қауіпсіздігіне назар аудару және олардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы айтылды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Дата: 2.09.2026, 10:27 Автор: №7 МГ