МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

МЕКТЕП АУЛАСЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Балқаштағы Ы. Алтынсарин атындағы №25 мектепте заманауи спорт алаңы пайдалануға берілді. Енді оқушылар дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізіп, бос уақытында спортпен шұғылдана алады.
 
 Жаңа алаң «Сары Қазна» ЖШС, «Медная компания Коунрад» ЖШС және «Қоунрад» қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Бастама мектеп ұжымының ұсынысынан кейін қолға алынып, нәтижесінде оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз спорт кеңістігі жасалды.
 
 Осындай жобалар балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, белсенді әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға жаңа мүмкіндік береді.
Дата: 2.09.2026, 10:25 Автор: №7 МГ