«Балғын балалар – біздің болашағымыз»

  

 

1 маусым Балалар  қорғау  күніне  орай  С.Сейфуллин  атындағы № 7 мектеп –гимназиясы жанынан  «Балауса»  жазғы  сауықтыру лагері  ашылды. Мереке  «Балғын  балалар – біздің  болашағымыз»  атты  мерекелік  концертке жалғасты. Мектеп  ауласында  балаларға  арнап  балмұздақтар  мен сусындар  сатылса, мектептің  оң  қанатында « Әрқашан күн сөнбесін»  атты  асфальтқа  сурет  салудан  жарыс  болды. Ал мектептің көпсалалы  кортында «Көңілді мәре»,  «Қолдан – қолға»,  «Шарды  жарма», «Қырық шақ»  сынды түрлі  спорттық  жарыстар болды. Көрермендермен де «Жұлдызды сәт»  байқауы  ұйымдастырылып, мереке  соңы « Кел  билейік!»  би  кешіне  ұласты.

Дата: 3.06.2013, 6:09 Автор: №7 МГ