«Балғын балалар – біздің болашағымыз»
1 маусым Балалар қорғау күніне орай С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп –гимназиясы жанынан «Балауса» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Мереке «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік концертке жалғасты. Мектеп ауласында балаларға арнап балмұздақтар мен сусындар сатылса, мектептің оң қанатында « Әрқашан күн сөнбесін» атты асфальтқа сурет салудан жарыс болды. Ал мектептің көпсалалы кортында «Көңілді мәре», «Қолдан – қолға», «Шарды жарма», «Қырық шақ» сынды түрлі спорттық жарыстар болды. Көрермендермен де «Жұлдызды сәт» байқауы ұйымдастырылып, мереке соңы « Кел билейік!» би кешіне ұласты.
Дата: 3.06.2013, 6:09 Автор: №7 МГ