«Соңғы қоңырау-2013»
25 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясында «Соңғы қоңырау-2013» салтанатты жиыны өтті. Жиынға қаламыздағы қаржы бөлімінің бастығы Тлеулесова Жанат Маратқызы мен білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, заңгер Умбетов Нұржан Нұрланұлы, мектебіміздің ардагер ұстаздары қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Альмуханова Заида Шияпқызы 2012-2013 оқу жылын аяқтау және ҰБТ-ге жіберу туралы бұйрықпен таныстырды. Сонымен қатар 11 сынып түлектерінің мектеп өмірі туралы слайд фильмдер көрсетіліп, Түлектердің алғашқы ұстаздары Кәрібекова Уақыт Кәрібекқызы мен Бейсенбаева Рысжан Зарубайқызы өздерінің құттықтауларын арнады. Түлектердің ізбасарлары атынан 10 «А» сынып оқушысы Жұмабай Ілияс құттықтау сөз сөйлеп, мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткерлері Қайрат Әйгерім мен Тұтқабай Гүлназға қазіргі таңда қаламыздағы гимназияда еңбек етіп жүрген мектебіміздің түлегі, 2006-2007 оқу жылындағы «Алтын белгі» иегері Қалибекова Гүлнұр өзінің ақ тілегін білдірді. Жиын соңында мектеп бітіруші түлектер ұстаздарына арнап түрлі аталымда мадақтамалар беріп, «Қош бол, мектеп!» әнімен вальс билеп, мерекенің көркін аша түсті.
Дата: 31.05.2013, 9:04 Автор: №7 МГ