Размер шрифта:

Соңғы қоңырау-2012

 

Соңғы қоңырау-2012

        25 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Соңғы қоңырау -2012» мерекесі өтті. Мерекені 5 г сынып оқушысы Сейілбеков Е. өлеңмен ашып, Сәкен ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.Алғашқы құттықтау сөзді мектеп басшысы Қойбағарова Р.Қ. алды. Салтанатты жиынға қалалық мәдениет бөлім бастығы Жолдасова Д.Т. және қалалық білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің әдіскері Ыбышова Г.Т. қатысып, құттықтау сөздерін арнады.Оқу ісінің меңгерушісі Альмуханова З.Ш. 2011-2012 оқу жылын аяқтау туралы бұйрықпен таныстырып, жас түлектерді төмендегідей номинациялар бойынша марапаттады: «Олимпиаданың асқар шыңында», «Дарынды бала – дара тұлға», «Интеллектуал иесі» , «Ел тірегі - ел», «Сегіз қырлы, бір сырлы». Мектеп түлектеріне арнап 1- сынып оқушылары мен 10-сынып оқушылары құттықтауларын арнады.  Ал, мектеп түлектері жас бүлдіршіндерге жылы лебіз сөздерін, сыйлықтарын табыс етті. Жас түлектердің сынып жетекшілері Мағрұпбекова А.Ш. мен Ізмағанбетова Ж.И.  және ата-аналар жүректері лүпілдей соғып, алдағы кездесетін өмірдің үлкен сындарынан мүдірмей өтіп, қиындықтарды жеңе білетіндеріне сенім артып, жүректен шыққан жылы тілектерін жеткізді. Жас түлектер 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектептерімен , ұстаздарымен қимай қоштасып, өздерінің шексіз алғысын білдіріп, ән мен жырдан шашу шашты. Соңғы қоңырау соғу құрметіне  11-сынып оқушысы Орынбек Шапағат ие болды. Салтанатты жиын соңы отшашумен аяқталды.

Жас түлектерімізге ақ жол тілейміз!

Дата: 25.05.2012, 17:41 Автор: №7 МГ