Размер шрифта:

Көңілге шуақ сепкен Достық мерекесі

 

Көңілге шуақ сепкен Достық мерекесі

 

      Көгілдір көктемнің лебімен бірге келетін 1мамыр -Достық күні ерекше маңызға ие. Бұл – еліміздегі барша ұлт өкілдеріне ортақ мейрам. Бүгінгі таңда өңірімізде 86 түрлі ұлттың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде

Осыған орай С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясында 1-9 сыныптар аралығында «Алтын шаңырақ» атты достық фестивалі өтті. Олар әр ұлттың өкілдерінің салт-дәстүрлерін, ұлттық тағамын және өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің оқушылары достық күніне орай өткізілген қалалық іс-шарадан да тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, шешен халқының салт-дәстүрін , өнерін көрсете отырып, кең байтақ жерімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығы мен бірлігі баршамыз үшін зор мақтаныш екенін дәлелдеп берді.

    Сөйтіп, бірлік күніне арналып өткізілген іс-шара  бірлікті мұрат тұтқан әрбір қазақстандықтардың көңіліне шуақ сеуіп, адамдар арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан сайын арттыра түсті.

Дата: 20.05.2012, 11:41 Автор: №7 МГ