Размер шрифта:

29.11.2022ж. күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына 5,6,7 сынып ата-аналары және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп - гимна

29.11.2022ж. күні С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" жөніндегі кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысына 5,6,7 сынып ата-аналары және сынып жетекшілері қатысты. Мектеп - гимназия инспекторы Қасымжанова Анар Қожановна құқық бұзышылықтың алдын алу жолдарына назар аудартты. Мектеп директоры Гүлзада Мукатаевна бала өміріндегі маңызды мәселелерді  айта отырып ,бала құқығын қорғау ,дұрыс тәлім беруді көздеу, сонымен қатар оқушылар үшін интернет желісіндегі аса қауіпті факторларды атады.  Қалалық диагностика меңгерушісі Омаров Виталий Александрович электронды сигарет, энергетик сусындарының зиянын аша отырып, ерте жүктілікке назар аударды, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.М.Көшербаев мектеп қабырғасындағы жасөспірімдер өмірінде туындаған әр түрлі қиыншылықтарға тоқталып,өзінің отбасында балаларымен қандай тәрбиелік жұмыстар жүргізетінін алға тартты.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар!  Сіздер мен біздер бірігіп жасөспірімдер арасында  түрлі жан-жалдар мен түсініспеушіліктерді болдырмау, олардың денсаулықтарына зиянды заттарды қолдануда шектеу, құқық бұзушылықтың алдын алуға бірігіп ат салысуға шақырамыз! Еліміздің болашағы Сіздер мен біздің қолымызда!
Дата: 30.11.2022, 8:29 Автор: №7 МГ