Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығы

 Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

«Балбөбек» шағын орталығы

       

          

      

 

 

 

Тарих көшіне ілескен Балқаш қаласы сонау Кеңес өкіметінің қарқынды бесжылдықтарының бастауында құрылып, ірі өндіріс орталықтарының біріне айналды. Балқаш өңірін игеру 1928 жылы инженер, геолог М. П. Русаковтың басшылығымен Қоңырат тауларындағы геологиялық-барлау қызметінен басталды. Дәл осы тыңғылықты зеріттеудуң нәтижесінде Қоңыраттағы мыс қорының өте мол екенін анықтап. Екінші бесжылдық жоспарда жедел түрде Балқаш өңіріне мыс алыбын салу белгіленді.  Содан бері 75 жыл өтті. Балқаш қаласы жылдан –жылға жаңа ғимараттар қосылып көркейіп келеді.

           Жас ұрпақты туған өлкесімен таныстыру, елін, жерін мақтан етіп жүруге тәрбиелеу мақсатында біздің шағын орталығымызда Балқаш қаламыздың 75 жылдығына орай, бес күндік «Сүйікті қалама  75жыл»атты іс-шаралар болып өтті.

  • Дүйсенбі – Ашық сабақ

  • Сейсенбі – Кітапханаға саяхат

  • Сәрсенбі – Салауатты өмір салтын ұстану: «Толағай» сайысы.

  •  Бейсенбі – « Әнші балапан» байқауы.

  • Жұма – Алтын күн астында... (балаларға ұйымдастырылған серуен, бормен асфальтқа сурет салу жарысы).

Дата: 14.04.2012, 9:37 Автор: №7 МГ