Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясының оқушылары қалалық «Балауса-2012» интеллектуалды марафонының жеңімпаздары
Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясының оқушылары
қалалық «Балауса-2012»
интеллектуалды марафонының жеңімпаздары
Дәстүрлі қалалық олимпиада «Балауса-2012» интеллектуалды марафоны биыл 28 наурыз күні лингвистикалық бағытта оқитын №16 мектебінде өтті. Оған қаламыздың мектепішлік олимпиададан жүлделі орын алған оқушылары қатысты.
Мақсаты: білімді, дарынды оқушыларды анықтау, олардың танымдық
қабілеттерін дамыту.
«Балауса-2012» интеллектуалды марафоның ұйымдастырып, жетекшілік еткен қалалық білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Жанат Әбеновна. Марафон 3-4 сыныптар арасында қазақ тілі және математикадан пәндерінен өтті. Математика пәні бойынша қисынға байланысты тапсырмалар болса, қазақ тілі пәні оқушылардың жазбаша тілі мен шығармашылығын анықтайтын тапсырмалармен қамтылды.
Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясынан 3-4 сыныптар арасынан әр паралельден 2 оқушыдан барлығы 8 оқушы қатысты. Соның алтауы жүлделі орындармен оралды.
Олар:
- Амангельдинов Айсер-3 орын, мұғалімі Амирбекова К.
- Ахметжанова Асел-3 орын, мұғалімі Малтабарова Н.К.
- Карипбекова Айжан-2 орын, мұғалімі Утеуова Р.
- Абентаев Олжас-3 орын, мұғалімі Утеуова Р.
- Сатыбалдиева Гүлім-2орын, мұғалімі Төлеубекова Т.
- Көпбосын Перизат-1 орын, мұғалімі Сәрсенбекова Ә.